Біздің ерекшеліктеріміз:

Сәтбаев университетінің баспасы 2004 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары ассоциациясының таңдауымен Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орындарының ең үздік баспасы» деп танылып, жаңа дәуір оқулықтарын шығару ісінде жеткен жетістіктері үшін Қазақстан жоғары оқу орындары ассоциациясы президентінің дипломымен марапатталды.

50 жыл бойы мүлтіксіз еңбек ету

Кәсіби мамандар командасы

Өнім сапасына үнемі бақылау жасау

Қазіргі заманғы құрал-жабдықтар

Дайын өнімді бір данадан да жасап беру

Жылдамдатылған баспа түрі

Бізден шығады:

«Сәтбаев Университетінің Хабаршысы»

Ғылыми журнал, 1994 жылдан бастап шығады, ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясы оны ғалымдардың кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғау алдындағы мақалаларын жариялауға арналған журналдар қатарына қосты. Журналда өзекті мәселелер туралы мақалалар мен Сәтбаев Университеті ғылыми зерттеулерінің нәтижелері жарияланады.

Скачать номер

«UNIQUM»

Студенттік журнал. 2013 жылдан бастап шығады. Журналда Сәтбаев университеті мен одан тыс жерлердегі барлық маңызды іс-шаралар мен өзекті мәселелер жөніндегі мақалалар жарияланады. Сондай-ақ онда студенттер мен профессорлық-оқытушылар қауымының өмірі мен ғылыми жетістіктері жайлы айтылады.

Скачать номер
Біздің қызметтер:

Полиграфия

Сандық баспа кез келген қиын да күрделі мәселелерді шешуге, әрі қысқа мерзім ішінде ең аз да және ең көп те таралыммен шығатын өнімдерді басуға мүмкіндік береді.

Сіздер мұнда мынадай тапсырыс бере аласыздар:

  • • оқулықтар, монография, журнал, әдістемелік құрал, каталог, буклеттерді шығару
  • • күнтізбелер, блокнот пен күнделіктер, плакаттар мен парақшалар
  • • шақыру билеттері, ашық хаттар, визиткалар
  • • этикеткалар, жапсырмаларды, орауыш қағаздарды шығару
  • • басқа да жарнамалық өнімдер

Сондай-ақ біз жасаймыз::

  • сканерлеу
  • ламинациялау
  • бүрмелеу
  • тыс қаттау
Лазерлі гравировка (нақыштама) және кесу

Теріден, ағаштан, картоннан, қағаздан және пластиктен әртүрлі сувенирлер (жазумен де, жазусыз да) жасаймыз. Баспаханада қуаты күшті лазерлі кескіш орнатылған, ол жоғары сапалы және тиімді өнім өндіруді қамтамасыз етеді.

Сувенирлік өнімдер

Жібекбаспа және сублимациялық баспа әдісі арқылы сувенирлерге логотип басу. Бұл екі әдіс те бюджетті үнемдеуге және әртүрлі материалдардан жасалған заттарға ашық, ұзақ уақыт сақталатын түрлі-түсті кескіндерді басуға мүмкіндік береді.

Беттеу және дизайн

Тәжірибелі дизайнерлер макетіңізге қатысты барлық негізгі жұмыстарды дайындап, Сіздің корпоративтік стиліңізді есепке ала отырып, өндірістік талаптарды орындайды.

Мәтінді кәсіби түрде баспаға даярлау

Қазақ және орыс тіліндегі кез келген мәтінді толық көлемде өңдеу (корректура, редакторлық өңдеу, электронды түрде түзетулер енгізу, әдеби нақышына келтіру) жұмыстарын баспа саласында тәжірибесі мол кәсіби мамандар жасайды.

Кеңформатты баспа

Бізге тапсырыс беруге болады:

  • үлкен көлемді қағаз орамдары мен жалпақ бетте полиграфия өнімдерін басу
  • дайын плакаттарды, постер мен баннерлерді «қажетті форматта» кесіп беру

Біз жасаймыз:

  • билбордтар, брандмауэрлер, ілгекті жазулар
  • көлікке арналған жапсырмалар
  • көрмені, бөлме интерьерін және дүкен сөрелерін безендіру

Материалдар:

  • күңгірт қағаздың әртүрлері
  • өздігінен жабысатын ПВХ-таспа қағаз
  • баннерге арналған мата, баннер торы
Қазіргі заманғы өндірістік құрал-жабдықтар:

Монохромды сандық баспа машинасы Oce Vario Print VP6160.

Көпсалалы түрлі-түсті инженерлік сандық толық форматты кешен:

• Плоттер

• Сканер

Кең форматты принтер.

Жібек трафаретті аппарат.

Толық түрлі-түсті сандық баспа машинасы KM Bizhub Press C8000.

Шыны және керамикалық ыдысқа сурет жапсыруға арналған 3D-принтер.

Қағаз кесетін аппарат.

Түптеуші аппарат-термобиндер.

Лазерлі гравировка жасайтын аппарат.

Архивтік құжатты сканерлеуге арналған робосканер.

Brand shop Satbayev University

Сәтбаев Университетінің символикасы жапсырылған қазіргі заманғы өте тамаша сыйлықтар

Қазақстанның ежелгі техникалық жоғары оқу орнының фирмалық дүкені Бас оқу корпусының 1-қабатында ашылған. Дүкен университетінің символикасы жапсырылған қазіргі заманғы өте тамаша соны сыйлықтарды көпшілік назарына ұсынады.

Студенттер мен оқытушылар үшін: футболка, жейде, күртешелер мен бейсболкалар, қалам, флэшка, шақпақ, әшекейлі салпыншақ, үстелге және қабырғаға ілінетін күнтізбелер, күнделіктер, телефонды кітапшалар.

Satbayev University логотипі жапсырылған дәптер

Satbayev University логотипі жапсырылған поло

Satbayev University логотипі жапсырылған күнделік дәптер

Satbayev University логотипі жапсырылған апталық дәптер

Satbayev University логотипі жапсырылған флешка

Satbayev University логотипі жапсырылған кружка

Satbayev University логотипі жапсырылған жұқа кеудеше

Satbayev University логотипі жапсырылған қалың кеудеше

Байланыс үшін:

Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Сәтбаев Университетінің бас оқу корпусы, 1-қабат.

 

Баспа бастығы – Ернар Мейрамбеков

8 (727) 257-70-54, 292-64-20, моб: +7 701 806 02 33

Тапсырыс беру

Біз сізге жақын арада хабарласамыз.